Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын
іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 316 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Жоспар да белгіленген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына бір рет 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылына бір рет 10 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2007 жылғы 19 сәуірдегі
№ 316 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Үкіметінің
2007 жылғы»19 сәуірдегі
№ 315 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 74-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 492 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 258-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 436 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 177-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қаңтардағы № 41 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 14-құжат).